«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«WorldSkills Aqmola– 2025» өңірлік кәсіби шеберлік конкурсы

16.04.2025

Ақмола облысында 8-25 сәуір аралығында өтетін «WorldSkills Aqmola– 2025»  жұмысшы қолға арналған жыл сайынғы олимпиадасы бастау алды.

Өңірлік кәсіби шеберлік конкурсына 63 құзыреттілік бойынша 400-ден астам студент қатысуда. Олар «Құрылыс және құрылыс технологиялары», «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Өнер және дизайн», «Әлеуметтік және жеке қызметтер», «Көлік және логистика», «Білім беру», «AgroSkills», «AbilimpiksSkills» бағыттары бойынша бақ сынайтын болады.

 «Ветеринария», «Зоотехния», «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Құтқару жұмыстары», «Хореография» құзыреттіліктері бойынша өңірлік чемпионат Астана қаласынан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарынан қатысушыларды шақырумен өткізіледі.

WorldSkills конкурсының өңірлік кезеңінде бірінші орын алған конкурс қатысушылары WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына жіберіледі.

Просмотров: 865


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст