06.10.2026
🔰Қазіргі білім беру жүйесі пәндік білімді қалыптастырумен ғана шектелмей, білім алушылардың алған білімдерін практикалық және өмірлік міндеттерді шешу үшін қолдана білу қабілетін дамытуға бағытталған.
Осы бағытқа сәйкес КММ «Ақмола облысының білім басқармасының Әдістемелік орталығы» Ақмола облысының химия, биология және география пәндері мұғалімдерін біріктірген педагогикалық идеялардың облыстық «Functional Skills Lab» хакатонын өткізді.
Хакатон аясында педагогтер функционалдық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға, PISA тәсілдерін қолдануға, зерттеушілік қызметке және пәнаралық өзара іс-қимылға бағытталған практикалық жобалар әзірледі.
Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша хакатонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
🥇I орын — «ECO-LAB 360°» командасы, Жақсы ауданы
Жоба: Дневник местного исследователя. Эколого-аграрный паспорт села Ишимское».
🥈II орын — «Эврика» командасы, Сандықтау ауданы
Жоба: «Создание банка контекстных ситуационных заданий для подготовки к МОДО и PISA».
🥈II орын — «SCIENCE LIFE LAB» командасы, Степногорск қаласы
Жоба: «Наука в повседневной жизни: PISA-кейсы по химии, биологии и географии».
🥉III орын — «EcoSarap» командасы, Аршалы ауданы
Жоба: «Экологиялық детектив: Жергілікті су айдынының жағдайы неге өзгерді?».
🥉III орын — «Триада» командасы, Сандықтау ауданы
Жоба: «Наука в моей тарелке».
🥉III орын — «Терра» командасы, Бурабай ауданы
Жоба: «Комплексные межпредметные задания по естественно-научной грамотности в формате PISA для учащихся 9 класса».
Хакатонның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!