09.10.2026
📚7 қазанда «Айша» балабақшасы мектепке дейінгі білім беру саласының талантты, бастамашыл әрі шығармашыл әдіскерлердің біріктірген «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері – 2026» республикалық байқауының облыстық кезеңіне алаң болды.
Қатысушылар әдістемелік жұмыс жоспарларын дәстүрлі түрде таныстырумен шектелмей, оларды қорғаудың қызықты форматтарын ұсынды. Шығармашылық презентациялар, авторлық тәсілдер, практикалық шешімдер мен идеялар әрбір қатысушының кәсіби әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.
Әрбір қорғау жұмысы жоспардың әрбір тармағының артында педагогтердің кәсіби өсуі, инновациялық тәжірибелер мен мектепке дейінгі ұйымдағы нақты өзгерістер тұрғанын көрсетті.
Қатысушылар стратегиялық ойлау қабілетін, басқарушылық құзыреттілігін, шығармашылық әлеуетін және білім берудің заманауи талаптарына сай жұмыс істеуге дайындығын танытты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
🏆Бас жүлде — Мухаметжанова Екатерина Васильевна, Астрахан ауданы, Астраханка ауылының «Алпамыс» балабақшасы МКҚК.
🥇I орын — Абдрахманова Айсулу Маулиевна, Көкшетау қаласының «Жулдыз» балабақшасы МКҚК.
🥈II орын — Жакып Актоты Аскаровна, Есіл қаласының «Болашақ» № 2 бөбекжай-бақшасы МКҚК.
🥉III орын — Темирова Наталья Павловна, Ақкөл қаласының № 2 бөбекжай-бақшасы МКҚК.
Арнайы номинациялар:
«Іскер әдіскер» — Амриева Гульмира Оралбековна, Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК.
«Жаңашыл әдіскер» — Кубышева Анар Калиевна, Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы МКҚК.
«Көшбасшы әдіскер» — Ишкова Наталья Асхадуловна, Аршалы ауданы, Ижевское ауылының «Есілжай» бөбекжай-бақшасы МКҚК.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!